АҚШ әскери көмек пен экономикалық қолдауды көріп отырғанын мәлімдеді
Ресей Федерациясына көмек көрсететін бірқатар қытайлық компанияның әрекеті АҚШ билігінің назарына ілікті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі golosameriki.com-ға сілтеме жасап.
АҚШ билігі кейбір қытайлық компания Ресейге Украинадағы соғыста пайдалану үшін (өлімге әкелмейтін) көмектің көрсетіліп жатқанын анықтады. Осыған байланысты АҚШ шенеуніктері Қытай үкіметінің назарын өз мәселелеріне аударды. Яғни, әскери көмек пен экономикалық қолдауды көріп отырғанын жеткізген.
«Біз Қытайдың назарына Ресейдің Украинаға қарсы соғысына материалдық қолдау көрсетудің салдарын жеткізе бермекпіз», – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.
АҚШ Қытай Үкіметіне Қытай Ресейге Украинаға қарсы қару-жарақ берген жағдайда, оның салдары қандай болатыны туралы ескертті.
Дереккөздің айтуынша, америкалық шенеуніктер қытайлық компаниялардың қазіргі қызметіне алаңдаушылық танытып, бұл «ҚХР-дың өлімге әкелетін қару жүйелерін сатудан тұратын бастапқы жоспарының шағын нұсқасы» деп санайды.
«Қытай үкіметі бұл қызмет туралы біле ме, белгісіз» дейді дереккөз.
АҚШ шенеуніктері Қытай үкіметінің назарын аудару үшін дипломатиялық арналарды пайдаланады деді ол.