25.01.2023, 02:56
Жаңалықтар
Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды
Бұған дейін ол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге ие болған
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даяулар орталығы
Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды. Ол әлем чемпионатындағы спринтті 2:44:23 уақытта бағындырып, жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарыста мәреге екінші болып украиналық спортшы Тарас Рад келсе, үшінші орынға бразилиялық спортшы Кристиан Вестмаер Рибейра ие болды.
Бұған дейін Ербол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге ие болған.
Парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтеді. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр.
Көп оқылған
18.05.2026, 15:28
«Далаға тастап кетпейсің ғой?»: Маңғыстау облысындағы үш жасар зағип баланың видеосы шетелдіктерді жылатты (ВИДЕО)
18.05.2026, 10:33
«Көсе Гөкер мырза, уақыт жетті!»: Нәлібаев Алматы әуежайының құрылысын сынап, жаңа басшысына шілдеге дейін ғана уақыт берді
18.05.2026, 10:47
«Оны алаяқтар қасақана өлтірді»: Астанада атақты жазушының немересі жұмбақ жағдайға көз жұмған – іс неге алға баспай отыр
18.05.2026, 09:31
Жаңа вице-премьер жұмысын Алматы қаласын тексеруден бастады