Парижде қымбатшылық салдарынан наубайшылар ереуілге шықты

Автор: Әсел Оршыбекова

Елдегі қымбатшылық электр энергиясына айрықша әсер еткен

Фото: ria.ru

Францияда демонстранттар өндіріс шығындарының өсуіне наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап

Елде бәрі – ұн, май, ашытқы және басқада  шикізаттар қымбаттады. Дегенмен қымбатшылық электр энергиясына айрықша әсер еткен.

Манифестанттар «Макрон, жауап бер», «Наубайшылар дабыл қағуда!» деген сияқты мәлімдемелері бар плакаттарды көшеге алып шаққан.

«Мен өмірімде ешқашан шеруге қатысқан емеспін. Бүгін бірінші рет шығып отырмын. Біз электр энергиясының белгіленген тарифтерін сұраймыз. Субсидиялар емес, белгіленген тарифтер керек. Бүгін мен екі адамды, кондитер аспазымды және сатушымды жұмыстан шығарамын, бірақ олардың да өмірі бар, олардың да бәріміз сияқты төлеуі керек шоттары бар», - дейді наубайхана иесі Паскаль Юбер.

Клиенттер наубайшылардың ереуіліне түсіністікпен қарап, оларға қолдау көрсетіп жатыр.

«Әрине, оларды есту үшін көшеге шығуы керек», «Мен оларды қолдаймын. Қолдау көрсетпеу мүмкін емес», - дейді тұрғындар.

Айта кетерлігі, Париж аймағында электр энергиясына төлемдер бес ай бұрын он есе өскен болатын. Пештер енді күні бойы жұмыс істемейтіндіктен, тұрғындар ыстық әрі жұмсақ нан ала алмай отыр.