Вице-министр жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясы бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек министрліктің алқа отырысында жайылымдық жерлер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бірінші кезекте ауылдық елді мекендердің шекаралары мемлекетке қайтарылған жайылымдық алқаптар мен жерлер, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін алынған жерлер есебінен кеңейтіледі. Ауыл шаруашылығы құралымдарымен олардың жайылымдарын жеке қосалқы шаруашылықтардың уақытша пайдалануы туралы меморандумдар жасалады. Жайылымдарды басқару жөніндегі іс-шаралар аясында оларға босалқы жерлерден жайылымдық алқаптар бере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Тамабек.
Ол атағандай, осы жылдың 11 қаңтарында Үкімет жер пайдалану құқығы бір қолда болуы мүмкін Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасын мақұлдады.
«Республика бойынша орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті мөлшері 35 мың гектар, заңды тұлғалар үшін – 51 мың гектар мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте осы норма енгізілгенге дейін берілген жерлер бойынша тиісті талдау жүргізіледі», - деді вице-министр.