Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші азайып келеді

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 35 адам коронавирус жұқтырды

Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлады Azattyq ruhy.

23 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 837 адам коронавирус инфекциясынан  емделуде, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:  

  • 8 адамның жағдайы ауыр,
  • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.