Зергерлік бұйымдардың жалпы салмағы 275 келіні құрайды
ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шекаралық тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды.
Зергерлік бұйымдар Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелеріне одан әрі тексерістер жүргізу үшін берілді.