Алда сот орындаушыларымен бірге қарызды өндіру мақсатында арнайы рейдтік тексерістер басталады
Полиция қызметкерлері өткен жылы 10 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Жол жүрісі ережесін елемегендердің көбі жылдамдықты асырған. Одан бөлек, бағдаршамның қызыл түсінен өткендер мен көлік тізгінінде отырып телефонмен сөйлескендер де бар. Жауапкершілікке тартылғандар арасында 1000-нан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарып, өзгелердің өміріне қауіп төндірген. Жолдың қарсы бағытына шыққан жүргізушілер де жазадан құтылмады. Айыппұлды төлеуден жалтарған 1 мың 500-ден астам азаматтың автокөлігі айып тұрағына қойылды. Алда сот орындаушыларымен бірге қарызды өндіру мақсатында арнайы рейдтік тексерістер басталады.
«2022 жылдың 12 айының көлемінде жалпы көлік жүргізушілерімен жол ережесін бұзғандар саны, яғни 909 мың 534 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. Былтырғымен салыстырып қарағанда құқық бұзушылықтар 375 мыңға көп», - деді қалалық ПД жергілікті полиция басқармасының басшысы Ұлықбек Мылтықов.