21.01.2023, 12:17
Жаңалықтар
Алматыда жемқорлық жасаған экология саласының лауазымды қызметкерлері ұсталды
Олардың заңсыз әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әшкереледі
Фото ашық дереккөзден
Алматыда жүйелі түрде жемқорлық жасаған экология саласының лауазымды қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы басшысы орынбасарының заңсыз әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әшкереледі. Ол автокөліктерге экологиялық мониторинг жүргізуге қатысты құжаттарға қол қою үшін кәсіпкерлерден 12 млн теңге пара алған.
Сондай-ақ, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи парк» басшысы қолға түсті. Оның ағаштарды санитарлық бұтау, кесу бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін 1,5 млн теңге алғаны белгілі болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды