Мәслихат депутаттарын сайлау 19 наурызда өтеді

Автор: Әсел Оршыбекова

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтеді

Фото ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссияның алғашқы отырысында Мәслихат депутаттарын да Мәжіліс депутаттарымен бірге бір күнде, яғни 19 наурызда өткізуді ұсынды.

Нұрлан Әбдіров өз сөзінде бұл мәселе алдын ала комиссия мүшелерінің талқылауынан өткенін атап өтіп, қаулыны қолдау жөнінде дауысқа салды. Осылайша қаулы бірауыздан қабылданды.

«Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумағына Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдауды нақты тапсырамын», - деді Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров.