Кәсіпорындардың басшыларына 144 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды
Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 20,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq ruhy ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 914 кәсіпорнында 21,7 мың жұмыскерге 5,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 881 нұсқама беріліп, 144,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.