Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады
Республиканың кей өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

Синоптиктер 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек күндіз республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республиканың оңтүстігінде жел күшейеді, тұман түседі, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыстан соғатын жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 12-14°С аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 3-5°С аяз болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 1°С аяз болады.