Олардың жас айырмашылығы ҰБТ сұрағы ретінде шешілді
TikTok желісінде «Қаңтар ҰБТ-ның есебінде» деген видео жұртшылық назарын еріксіз аударды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Онда ҰБТ-ға тестке дайындайтын орталық мұғалімінің есепті ерекше тәсілмен түсіндіргенін көруге болады.
Мұғалім «Raim 26 жаста, ал Ерке 38 жаста. Неше жыл бұрын Raim Еркеден екі есе кіші болды?» деген есептің шығару жолын түсіндіреді. Бұл амалды оқушылардың қызығушылығын ояту үшін ойлап тапқанға ұқсайды.
Желі қолданушылары осы видеоға қатысты түрлі пікір білдіруде.