$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бас прокуратура экономика саласындағы 360-тан астам қылмыстық істі тоқтатты

7,1 мыңнан астам кәсіпкер 1,3 млрд теңгенің заңсыз айыппұлдарынан босатылды

Бас прокуратура экономика саласындағы 360-тан астам қылмыстық істі тоқтатты
Фото: tengrinews.kz

Бас прокуратура заңға бағынатын бизнесті негізсіз тексерулер мен қудалаулардан қорғау мақсатында 2022 жылдың мамыр айынан бастап кәсіпкерлерге қатысты басталған сотқа дейінгі барлық тергеп-тексерулерге тексеріс жүргізді. Осы кезеңде экономика саласында 360-тан астам қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, бұрын еліміз бойынша кәсіпкерлерге қатысты ай сайын 150-ге жуық іс қозғалса, қазір олардың саны 2,5 есеге азайған. Сондай-ақ өткен жылы олар кәсіпкерлердің 3 мыңнан астам сигналын пысықталды, әрбір 4-ші (759) факті расталған.

«IT-ресурстарды тиімді пайдаланудың және қадағалау актілерін енгізудің арқасында 7,1 мыңнан астам кәсіпкер 1,3 млрд теңге сомаға заңсыз айыппұлдардан босатылды, 9 мыңнан астам заңсыз тексерістер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолын кесіп, жойылды», - дейді құзырлы орган өкілдері.

Жалпы, 2022 жылы кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша 1 330 қадағалау актісі енгізілді, уәкілетті органдардың 1230 заңсыз тыйым салу және шектеу шаралары жойылды, 1 240 адам жауапқа тартылды.

«Кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда дереу 115 (Call-орталық), (7172) 30-17-93 немесе +7 702 629 75 61 нөмірлері бойынша (Бас прокуратураның мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша тікелей хабарласуларыңызды сұраймыз», - делігген Бас прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары