$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үлбі өзенін ластаған кәсіпорынға қатысты тексеру басталды

Өзенге сарқынды судың ағызылып жатқаны туралы хабар желіде қоғамдық резонанс тудырған болатын

Үлбі өзенін ластаған кәсіпорынға қатысты тексеру басталды
фото: tvkrasnodar.ru

Өскеменде Үлбі өзеніне сарқынды суларды ағызатын кәсіпорынға қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО экология департаментіне «Алтай Май» ЖШС аумағынан Үлбі өзеніне қоңыр түсті сарқынды судың ағызылып жатқаны туралы хабарланған.   

Департамент қызметкерлері аудандық учаскелік полициямен бірлесіп дереу оқиға орнына барғанда бұл факті расталды.

Мамандар химиялық талдау жүргізу үшін сынамалар алды.

«ШҚО бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспекторы қайта барып көрді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бұл май зауытының шұңқыр қазылған құрылыс алаңынан шыққаны, онда жер асты суларының маусымдық жоғарылауы салдарынан және май зауыты ғимаратының негізін бетондау үшін кәсіпорын жерасты суларын Үлбі өзеніне айдауға мәжбүр болғаны анықталды», - деп көрсетті ШҚО Экология департаменті.

Қазір «Алтай Май» ЖШС-ға қатысты экологиялық заңнаманың сақталуына жоспардан тыс тексеру басталды. Оның қорытындысы мен химиялық талдау нәтижелері алдағы уақытта белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары