Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 17 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы аздап қымбаттап, 462,69 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 462,29 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,76 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 462,5 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 462 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша: