Үй иесі аман, куәгерлердің көмегімен сыртқа шыққан
Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында жеке тұрғын үйінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеке тұрғын үйінде газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты 5 литрлік газ баллоны жарылған. Соның салдарынан баспана қирап, үй иесі үйіндінің астында қалып қойған.
«Өртке қарсы қызмет келгенге дейін куәгерлер үйінділердің астынан 1976 жылы туған үй иесін алып шықты, оған медициналық көмек қажет болмады. Газ баллонының жарылуының алдын - ала себебі - температураның күрт өзгеруі», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.