Олар 2001 және 2003 жылы туған
Полицейлер Алматыда ер адамды зорлады деген үш күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Polisia-ға сілтеме жасап хабарлайды.
30 жастағы жәбірленуші 15 қаңтарда полицияға арызбен жүгінген. Оның айтуынша, өткен түнде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған.
«Бұл факт ҚР ҚК 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер ізінше ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2001 және 2003 жылы туғандар ұсталды. Алматыда тұрақты жұмысы жоқ», - деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ полиция қылмыстық іс жүргізу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Алматыда ер адамға қатысты зорлық-зомбылық туралы айтқан болатын.