16.01.2023, 08:37
Жаңалықтар
Доллар сәл арзандады: 16 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк дүйсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 16 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни дүйсенбіде доллар бағамы сәл арзандап, 462,29 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, демалыс күндері америкалық валюта бағамы 462,58 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,87 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 463 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 462 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 462,29 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 501,21 (еуро)
- RUB / KZT – 6,87 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,61 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,83 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,4 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,09 (өзбек сомы).
Көп оқылған
03.02.2026, 10:18
«Үш баласы бар әйел болып шықты»: Қосшы тұрғыны «сүйіктісіне» 1,5 млн теңге қалың мал төлеп, алданып қалған
03.02.2026, 13:10
Адам ұрлап, 12 млн теңге талап еткен: Астана мен Алматыда қылмыс әлемінің бандалары ұсталды
03.02.2026, 16:28
АҚШ-та алаяқтық жасаған екі қазақстандыққа ауыр айыптар тағылды
03.02.2026, 09:10
Жетісу облысында ішіп алған ер адам 3 жасар баласы мен әйелін көкала қойдай етіп сабаған (ВИДЕО)