Республиканың кей өңірінде 33 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Республиканың қиыр солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, жел күшейіп, боран соғады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түнде солтүстікте, Жетісу облысының таулы аудандарында 28-33 градус қатты аяз, Алматы облысында 24-29 градус қатты аяз болады.
Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел секундына 5-10 метрге жетеді. Күндіз -8-10, түнде -16-18°С болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел секундына 0-5 метрге жетеді. Күндіз -7-9, түнде -17-19°С болады.
Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді, жел секундына 3-8 метрге жетеді. Күндіз -4-6, түнде -18-20°С болады.