ШҚО және Абай облысында жол учаскесі жабық тұр
Боранға байланысты көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ШҚО және Абай облысында жол учаскесі жабық тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысында көрінудің нашарлауына байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатаудан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында боран мен көрінудің нашарлауына орай «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қасенов ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 380 бірлік жол - пайдалану техникасы мен 460 қызметкер жұмылдырылды. Тәулігіне 1 мың м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.