Жезқазғанда құрылыс нысанынан 11 миллион теңгенің құбырын ұрлағандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде

фото: Ұлытау облыстық ПД

Жезқазғанда салынып жатқан нысанның аумағынан 11 миллион теңгенің металл пластикалық құбырларын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау аудандық полиция департаментінің мәліметінше, салынып жатқан нысаннан белгісіз тұлғалар металл пластикалық құбырлар ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асады.

«Жезқазған қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында металл құбырларды ұрлағанын мойындаған 32 және 37 жастағы Жезқазған қаласының екі жұмыссыз тұрғынын анықтады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, айғақты заттар тәркіленді», - делінген ведомствоның хабарламасында.