Қызылорда облысында браконьер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінде ақбөкен атқан 1993 жылғы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктінің үйіне тінту жұмыстарын жүргізу барысында барлығы 2 қапқа салынған 2 бас киік аңына ұқсас жануардың ұшасы, 4 дана терісі, жалпы саны 36 дана киік мүйізі, тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қызылорда облыстық полиция департаментімен ҚР ҚК-нің 339 бабының 3 тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: