Бүгін елімізде Парламент Сенаты депутаттарын сайлау өтеді
Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлауға 3 168 дауыс беруші қатысады

Елімізде бүгін сағат 11.00-де ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орталық сайлау комиссияларының деректеріне сәйкес сайлау бюллетеньдеріне 55 кандидат енгізілген.
Алматы қаласында 4 кандидат, ал Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 2 кандидаттан, қалған өңірлерде және Астана, Шымкент қалаларында - 3 кандидаттан қатысады.
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 3168 депутаты енгізілген. Түркістан облысында ең көп саны – 317 және Қостанай облысында – 263, ал ең азы Астана - 31, Шымкент - 30 және Алматы қалаларында - 38.
Айта кетейік, Сенат депутаттарын сайлау күні, яғни бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы сайлаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн-байқау сервистері жұмыс істейтін болады. Бұл сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығына ықпал етеді.