14.01.2023, 02:30
Жаңалықтар
Перуде ереуілге шыққандар әуежайды басып алмақ болды
Наразы топ жаңа басшыны қызметінен босатып, сайлау өткізуді талап етіп отыр
Фото ашық дереккөзден
Жаппай ереуілдерге байланысты Перудің оңтүстік-шығысындағы Куско қаласындағы әуежай жұмысын тоқтатты. Наразы топ осымен екінші күн әуе айлағын басып алмақ болып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың жолын полицейлер бөгеуде. Қақтығыстар салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 60-тан астамы жараланған. Туристер арасында танымал орын - Мачу-Пакчуге жолаушылар әдетте осы әуежай арқылы аттанады.
Перуде өткен айдан бері жаппай ереуілдер басылмай тұр. Оған президенттің биліктен шеттетілуі себеп. Наразы топ жаңа басшысыны қызметінен босатып, сайлау өткізуді талап етіп отыр. Шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, 50-ге жуық адам қайтыс болды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды