Ақтөбе облысында сарайда асылып тұрған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Осы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысына қарасты Шалқар ауданының Бегімбет ауылы үйінің ауласында орналасқан сарайда асулы тұрған 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша «суицидке жеткізу» ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Осы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.