Маңғыстауда 100-ден астам заңсыз құрылыс анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өткен жылы 107 заңсыз құрылыс нысаны анықталды, олардың иелерінде рұқсат құжаттары болған жоқ. 12 құрылыс бойынша бұзу туралы сот процестері басталды. Қазіргі уақытта заңсыз нысандардың бірін бұзу туралы бір сот актісі шығарылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс прокуратурасы өткен жылы құрылыс саласында үлескерлердің ақшасын заңсыз қабылдаған 6 құрылыс салушыға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынғанын айтты.

«Алдымен біз осындай құрылыс салушыларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартамыз, яғни айыппұл саламыз, ал егер олар бұзушылықтарды жоймаса, құрылысын 6 айға дейін тоқтатуға мүмкіндігіміз бар. Осы 6 айда олар құжаттарды сәйкестендіруі керек. Өткен жылы 107 заңсыз құрылыс нысаны бойынша біз құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартқанбыз», - дейді облыстық прокурор Руфат Құттықов.

Қазіргі уақытта заңсыз құрылысты бұзу бойынша бір сот актісі бар. Ол – тұрғын үй кешені.