Министрлік Ауғанстан билігін өз аумағындағы терроризм көздерін жою бойынша күресті күшейтуге шақырады
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы терактқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР Сыртқы істер министрлігі 11 қаңтарда Кабулдағы әкімшілік ғимараттың жанында нәтижесінде ондаған адам қаза тапқан террористік актіні қатаң айыптайды. Министрлік қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтады және Ауғанстан билігін өз аумағындағы терроризм көздерін жою бойынша күресті күшейтуге шақырады», - делінген СІМ хабарламасында.
Айта кетсек, 11 қаңтарда Кабулдағы әкімшілік ғимараттың жанында террористік акті орын алып, бірнеше адам опат болды.