Күйеуіне пранк жасамақ болған: құтқару қызметіне жалған хабарлама берген адам айыппұл арқалады

Автор: Azattyq Rýhy

Астана тұрғыны күйеуіне газ пеші жарылды деген хабарлама жолдаған

Бейнеден кадр

Астана тұрғыны құтқару қызметін жалған шақырғаны үшін 45 мың теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Келіншек желіде трендке айналған пранкті жасап көрмек болып, күйеуіне газ пеші жарылды деген видео жолдайды. Алайда оның пранк жасау туралы жоспары жүзеге аспай қалды. Тосын хабарламадан шошынған күйеуі үйге асығып, елорданың барлық құтқару қызметтерін шақырған.

Тиісінше құтқару қызметіне жалған хабарлама бергендіктен оларға айыппұл салынды.

Желі қолданушылары бейнежазбаның астында сан түрлі пікір білдіріп, бірі көңілдерінің көтерілгенін жазса, енді бірі адамдардың осындай бос дүниеге уақыт жоғалтатынын сынға алуда.