Өткен тәулікте елімізде коронавирустан 1 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір күнде 138 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 138 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ коронавирус пневмониясына 5 адам шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 343 адам коронавирус инфекциясынан (–2 198+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 8 адамның жағдайы ауыр,
  • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өкінішке қарай, COVID-19 вирусынан 1 адам көз жұмды.