Автокөлік құралдарының жүргізушілерінде визалар, ПТР тестілері болуы тиіс
Қаңтардың бірінші онкүндігінен бастап мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде Қытай тарапы бұрын енгізілген шектеу және карантиндік шараларды алып тастайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қытай тарапы көлік құралдарының ҚХР аумағына кіру мүмкіндігімен тасымалдаудың пандемияға дейінгі форматына оралуымен автокөлік құралдарын қабылдауға ниетті. Бұл ретте автокөлік құралдарының жүргізушілерінде визалар, ПТР тестілері, сондай-ақ олардың көлік құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
Шекарадағы шектеулерді алып тастағаннан кейін, бұрын Қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптар сыртқы экономикалық қызметке бірқатар қатысушылардың наразылығын тудырды. Себебі, олар автокөлік құралдарына қойылатын қатаң талаптар кезінде автокөлік құралдарын қайта жабдықтау бойынша белгілі бір шығындарға ұшырады”, - деп мәлімдеді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.