Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісі таңғы сағат 04:12 кезінде болған

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісінің таңғы сағат 04:12 кезінде болғанын тіркеді.

«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Алматы облысы Талғар ауданы аумағында болған. Зілзаланың MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.