Митингке баласымен шығатын ата-аналар 10 күнге қамалуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде кәмілетке толмаған адамды заңсыз жиындарға тартқаны үшін қолданылатын жаза күшейтілуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі inbusiness сайтына сілтеме жасап 

Фото: zakon.kz

Сенат депутаттары қараған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына осындай түзету енгізілген.  

«Кәмілетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға және қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің көрсетілген нысандарында пайдаланубір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді», – делінген заң жобасында.

Аталмыш норма Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128 бабына 2-бөлігі ретінде енгізіліп отыр.

Түсіндірмеде мұндай норманың енгізілуіне азаматтардың санкцияланбаған митингтерге кәмілетке толмаған балалармен шығу фактілері бар екені негіз болатыны айтылған.

«...Сол арқылы олар кәмілетке толмағандардың денсаулығының физикалық және психикалық тұрғыдан орнықты дамуына нұқсан келтіреді. Осыған байланысты рұқсат берілмеген акцияларға кәмелекетке толмаған адамдарды тартқаны үшін әкімшілік жауаптылықты көздеу ұсынылып отыр», – делінген түсіндірмеде.