Оның видеосы Instagram-да жарияланды
Қытай қазағы, аралас жекпе-жектің танымал спортшысы Сайран Нұрданбек Instagram парақшасында домбырмен танымал қазақ әнін шырқады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Сайран Нұрданбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе менің алғайсың» әнін домбырамен ойнап, баласымен бейнеролик жариялады.
Айта кетейік, әлемнің үздік промоушенінде Сайран Нұрданбек төрт жекпе-жек өткізіп, үш жеңіске жетіп, біреуін жеңіліспен аяқтаған. Соңғы жекпе-жекте Сайран бірінші раундта америкалық файтер Даррик Минерді нокаутқа жіберді.