Өткен жылдың тамызында Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның өлімінің мән-жайы әзірге белгісіз

Lider.kz

Шығыс Қазақстан облысында өткен жылдың тамызында жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі табылды. Оның өлімінің мән-жайы айтылмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy LIDER.KZ еріктілерінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

46 жастағы Сәния Садықова 2022 жылдың 12 тамызында із-түзсіз жоғалып кеткен. Үш баланың анасы кешкі уақытта Өскемендегі жұмысынан жалақысын алып, облыс орталығынан алыс емес Бозанбай ауылындағы үйіне кеткен. Одан кейін әйелді көрген-білген ешкім болмаған.