Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші біршама азайды

Автор: Azattyq Rýhy

Ал 2517 адам коронавирустан емделіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде 169 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 517 адам коронавирус инфекциясынан (–2 375+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 272 пациент стационарда, 2 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 15 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.