Жауапты мекемелердің жұмысшылары жолды бірден тазартты
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының учаскесінде жалпы көлемі 150 текше метр қар көшкіні жүрді. Бұл уақытта аталған жол жабық болатын. Жауапты мекемелердің жұмысшылары жолды бірден тазартты, - делінген хабарламада.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары қар көшкінін жасанды жолмен де түсіріп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бері өңірде 80 000 текше метрден астам қар түсірілген.