Петропавлда 47 жастағы әйел көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр

фото: polisia.kz

Петропавлда 47 жастағы әйел көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

6 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Полиция басқармасының жедел арнасына Жамбыл көшесі, 142 мекенжайындағы көпқабатты үйдің жанында әйел адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы зардап шеккен әйелдің жеке басын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 47 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған.

«Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп көрсетті ҚР ІІМ баспасөз қызметі.