Мерекелік демалыс: қазақстандықтар 2023 жылы қай күндері демалады

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл демалыс күндері азайған

2023 жылы қазақстандықтар ұзақ демалмайды. Себебі Жаңа жылға бар болғаны 3 күн демалыс берілді. Ал 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні бір күн демалыс беріледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы Рождество мерекесі сенбі күнге сәйкес келгендіктен демалыс күні басқа күнге ауыстырылмайды.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – бір күн демалыс, себебі ол сәрсенбіге түседі.

Наурыз мейрамына 3 күн демалыс беріледі: 21, 22 және 23 наурыз. Бұл мереке сейсенбі және бейсенбіге сәйкес келіп отыр.

Мамыр айында қазақстандықтарды 3 мереке мен 4 демалыс күні күтіп тұр:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл мереке жексенбіге түсіп тұрғандықтан дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, екі күн атап өтіледі.

9 мамыр – Жеңіс күні сейсенбіге келеді.

2023 жылы Қазақстанда демалыс күндерінің ауысуына байланысты Елорда күні 6 және 7 шілде, кейін тағы 2 күн – сенбі және жексенбіге жоспарланып отыр. 1 шілде жұмыс күні болады деп күтіліп отыр.

30 тамызда бір күн демалыс. Биылғы Конституция күні сәрсенбіге келіп тұр.

25 қазан – Республика күні. Бір күн демалыс болып отыр.

Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне 3 күн демалыс болады: 16, 17 және 18 желтоқсан.