$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде алдағы 3 айда ауа райы қандай болады: «Қазгидромет» болжамы

Маусымдық болжамда ауа райы қалай өзгеретінін көруге болады

Елімізде алдағы 3 айда ауа райы қандай болады: «Қазгидромет» болжамы
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 2022 жылғы қараша мен 2023 жылғы наурыз айларында Қазақстан аумағы бойынша жарты жылдыққа арналған маусымдық ауа райы болжамын әзірлеген болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Маусымдық болжам жылына алты рет шығады: 1 рет жылы жарты жылдыққа арналған болжам, 1 рет суық жарты жылдыққа арналған болжам, олар Қазақстан Республикасының 17 облысы бойынша қыс, көктем, жаз және күзге арналған 4 тоқсандық болжамдармен нақтыланады:

  • 15 ақпанда көктем айларына (наурыз-мамыр);
  • 15 наурызда жылы кезеңге (сәуір-қазан);
  • 15 мамырда жаз айларына (маусым-тамыз);
  • 15 тамызда күз айларына (қыркүйек-қараша);
  • 15 қазанда суық кезеңге (қараша-наурыз);
  • 15 қарашада қыс айларына (желтоқсан-ақпан).

Қыстың алғашқы екі айында, яғни желтоқсан мен қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары болады деп болжанады, қаңтарда елдің қиыр оңтүстігінде норма шамасында болжанады.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады, қаңтарда қиыр батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста нормадан көп күтіледі.

Қыстың соңында және наурызда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық, республиканың батысында нормадан 1° жоғары, ал солтүстікте нормадан 1° төмен болғалы тұр.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, ақпанда республиканың орталығында, Қызылорда, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының қиыр солтүстігінде ауа райы нормадан жоғары болады деп жоспарланып отыр.

Ал наурыз айында елдің орталығында, Павлодар, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысы, Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының қиыр солтүстік-батысында ауа райы 1° төмен болады деп күтіледі.

«Ақпан айында және көктемнің басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады. Алайда белсенді циклондарға байланысты жекелеген күндерде тәулігіне айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін.

Наурызда әдетте, синоптикалық процесстер қыстан көктемге қарай өзгере бастайды, нәтижесінде бұл ауа райының жиі өзгеруіне әкеледі, ол біресе жылы және шуақты болады, біресе қысқа оралып – ауа температурасы төмендейді, боран соғып, екпінді желмен бірге қар жауады.

Айта кетейік, ауа райының маусымдық болжамы ауа температурасы мен жауын-шашынның орташа метеорологиялық параметрлерінің сипаттамасы, олар қарастырылып отырған маусым үшін климаттық нормалардан ауытқу түрінде көрінеді», - делінген синоптиктердің болжамында.

«Қазгидромет» хабарлағандай, маусымдық болжамды қысқа мерзімге болжамдармен нақтыланатын консультативтік болжам ретінде пайдалану керек.

Серіктес жаңалықтары