Доллар қымбаттады: 5 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

 

Фото: Depositphotos

Қазақстанның Ұлттық банкі 5 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни бейсенбі күні доллар бағамы 465,39 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 462,65 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,43 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 467 теңгеден сатып алынып, 471 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 467 теңгеден сатып алынып, 471 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 465,39 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 493,78 (еуро)

RUB / KZT – 6,53 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 24,83 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 67,66 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,43 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,14 (өзбек сомы).