Республиканың барлық аумағында қар жауады
Синоптиктер Қазақстанда 5-7 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім еткендей, еліміз бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын кезекті атлантикалық циклон айқындайтын болады, ол негізінен республиканың барлық аумағында жауын-шашын, қар түрінде болады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын болады, еліміздің шығысында қалың қар жауады», - делінген хабарламада.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 5-15°С аяздан 15-25°С аязға дейін, күндіз 10-20°С аяздан 2-10°С аязға дейін ауытқиды,