Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Фото: nur.kz

Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр. Ұшып келетін 10 рейс, ұшып кететін – 18 рейс кешіктіріліп жатыр. Себеп - елордадағы метеожағдай және әуе кемелерінің кеш келуі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әуежайда ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Жолаушылардан абай болуды, сондай-ақ өзекті ақпаратты авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтамалық байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз», - деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.