Синоптиктер 25 ақпан күні кей облыста тұман, көктайғақ болып, қатты жел соғатынын ескертті
25 ақпан күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысының кей аумағында тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.
Маңғыстау облысының кей аймағында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақтау қаласында 25 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні күндіз 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
Сондай-ақ, Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Орал қаласында да тұман, көктайғақ болып, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.