Алматы облысында бір отбасының 7 адамы із-түзсіз жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған

фото: kzvesti.kz

Алматы облысында құтқарушылар жоғалып кеткен бір отбасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті  боранда жолға шыққан 7 адам жоғалғанын хабарлады.

Бүгін сағат 08.00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.

Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткен.

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Іздеуге дрон жұмылдырылған.