Жаңа жылдың алғашқы күнінде жедел жәрдемге 33 мың шақырту түсті
Жедел жәрдем бригадасы көбінесе созылмалы аурулардың асқынуына шақыртылған
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 қаңтарда Қазақстан бойынша жедел медициналық көмек қызметі 33 мың 370 шақырту қабылдады және қызмет көрсетті. Бұл орташа көрсеткіштен 20%-ға жоғары, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл жағдайда жеделдіктің бірінші санатындағы қоңыраулар (мысалы, себептер: кеудедегі ауырсыну, шок, тыныс алудың тоқтауы және басқа жағдайлар) 4%-ды құрайды.
Жеделдіктің екінші санатындағы қоңыраулар 23%-ды немесе 23 575-ті құрайды. Бұл санатқа жүрек қағысының бұзылуы, атипті ауырсыну немесе оқшауланған жарақат сияқты және басқа да шақытулар жатады.
Шұғылдықтың үшінші санаты бойынша шақыртуға ЖМК бригадалары 9,5 мыңнан астам жағдайда (28%) шықты.
Шығудың ең үлкен үлесі - 4 санат (созылмалы аурулардың асқынуы) - қоңыраулардың 45%-ын құрайды.