03.01.2023, 17:18
Жаңалықтар
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды
Зардап шеккендер жоқ, мамандар өрттің себебін анықтауда
фото: Алматы ТЖД
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қаңтар сағат 10:13 кезінде Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
18 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтер өртенген. Сағат 10:59-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
«Өртті сөндіруге 43 маман мен 11 бірлік техника жұмылдырылды. Қазір өрт себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан көпқабатты үйден 75 тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Арнайы жасақтан келген Daewoo автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту шараларын қолға алды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды