Құтқарушылар өртеніп жатқан үйдің қабырғаны бұзып, баланы сыртқа алып шыққан
Семейде өрттен құтқарылған 4 жасар бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2 қаңтар күні сағат 17:16-да «112» пультіне Шәкәрім көшесінде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен дереу 2 автоцистерналар мен 1 автошатыр, жеке құрамның 8 адамы жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенде 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде 5 қабатта жеке заттар, жиһаздар және терезе блоктары жанып жатқан», - деп көрсетті Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі. Өрттің жалпы ауданы 5 шаршы метр.
Құтқарушылар қабырғаны бұзып, 4 жасар баланы өрттен алып шыққан. Қазір ол ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасында жатыр.