Жаңа жылдың бірінші күні Қазақстанда 782 нәресте дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Мереке күні туған нәрестелердің саны жағынан Түркістан облысы бірінші орында

фото: www.gov.kz

Жаңа жылдың бірінші күні Қазақстанда 782 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жаңа жылдың бірінші күні республиканың перзентханаларында 782 бала, 398 ұл және 384 қыз, оның ішінде үш жұп егіз дүниеге келді.

Мереке күні туған нәрестелердің ең көп саны тағыда Түркістан облысында тіркелді – 115 бала , екінші орында - оңтүстік мегаполис Алматы 83 балаға толықты және туу бойынша үшінші Шымкент қаласы, онда бірден 69 қазақстандық дүниеге келді.

Республиканың астанасында 1 қаңтар 60 баланың туған күні болады.