Қарағанды және Қызылорда облысында балықшылар құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Екі өңірде де балықшылар қаңтардың 1 күні түнгі сағат 1-дің шамасында балық аулауға шығып, хабарсыз кеткен

фото: Қарағанды облыстық ТЖД

Қарағанды және Қызылорда облысында 4 балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

1 қаңтарында сағат 1:00-де Арал ауданы, Қарашалаң елді мекенінің 2 тұрғыны Арал теңізінен балық аулау мақсатында мотоциклмен шығып кетіп, байланысқа шықпаған. Алаңдаған жергілікті тұрғындар өз беттерінше іздестіріп, аталған екі азаматты сағат 03:05-те Қарашалаң елді мекенінен 18 шақырым жерден тапқан.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше мұздың жұқалығынан мотоциклдері суға түсіп кетіп, жаяу қалған 2 азамат мұздың үстінде теңіздің жағасын таба алмай, байланысқа шықпаған.

Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында да құтқару операциясы жүргізілді.

1 қаңтар күні сағат 01:30-да Балқаш көлінде Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері Тораңғылық ауылынан оңтүстік бағытта көлікпен шығып қайта оралмаған 2 балықшыны іздеуге кірісті.

«Сағат 03:30-да құтқарушылар балықшыларды сынған көлікпен жағалаудан 26 шақырым жерде тапты. 05:55-те ер адамдар жағаға шығарылды, оларға медициналық көмек қажет болмады», - делінген ведомствоның хабарламасында.