Талдықорған маңында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды

фото: Жетісу облысы ПД

Талдықорған маңында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 1 қаңтарда «Талдықорған-Үштөбе» тас жолының 10 шақырымында «Фольксваген Гольф» автокөлігінің қатысуымен орын алды.

42 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегінен шығып кетіп, көлік аударылып қалған. Оқиға орнында жүргізуші мен автокөліктегі 35 жастағы әйел жолаушы қайтыс болды.

Тегтер: